
МАЙ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ
Май ауданының тарихы
Ғалымдар
1. Әбділдин Жабайхан – академик, философия ғылымдарының докторы.
2. Сүлейменов Арғын – белгілі онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
3. Мұханов Көшер – геология – минералогия ғылымдарының докторы, профессор.
4. Әбділдин Мейірхан – физика- матиматика ғылымдарының докторы, профессо.
5. Қазиқанов Рәшит – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.
6. Сәбитов Мұрат – философия ғылымдарының докторы.
7. Ахметжанова Зәуреш – филология ғылымдарының докторы.
8. Арынғазин Қанапия – физика- матиматика ғылымдарының кандидаты, доцент.
9. Қабылқақов Қайырден – техника ғылымдарының кандидаты.
10. Хамитов Мейрам – физика – математика ғылымдарының докторы, доцент.
11. Жанбакин Жағыпар — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент.
12. Марданов Қамалбай – философия ғылымдарының надоты.
13. Төпенов Сембай — экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
14. Жүсіпбеков Болат – химия ғылымдарының кандидаты, доцент.
15. Мұхтаров Мағзұм – физика- математика ғылымдарының кандидаты, доцент.
16. Табылдин Мәжит – тарих ғылымдарының кандидаты.
17. Марданов Жеңіс- техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
18. Кудерин Марат – техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
19. Сақанов Қуандық – техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
20. Арынғазин Асқар – физика математика ғылымдарының кандидаты, доцент.
21. Қабаева Жұлдыз – филология ғылымдарының кандидаты.
22. Нұрғалиева Жанна – медицина ғылымдарының кандидаты.
23. Баяхметов Қуаныш – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты.
Өнерпаздар
1. Нұрлыбек Баймұратов – Қазақ ССР –іне еңбек сіңірген өнер қайраткері, әйгілі айтыскер ақын.
2. Шахан Мусин – Қазақстан Республикасының халық әртісі.
3. Байғабыл Жылқыбаев – атақты әнші.
4. Қожан Мұхтарұлы – сұлу дауысты әнші болған, шамамен 1908 жылы туып, 1930 жылы павлодардың ақ түрмесінде аштық жариялап өлген.
Әртүрлі сирек қасиеттердің иегерлері
Алтынбай Бытықұлы- көз байлаушы(гипноз) әсерлі өріс иегері (экстрасенс), қыста мұзды ойып суға шомылатын (морж). 19 ғасырдың ортасында өмір сүрген.
Арын Сүлейменов – (1877-1937жж) – қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, белгілі онголог, ғалым, профессор, Арғын Сүлейменовтың әкесі.
Садық – емші, тамыршы. Адамның тамырын ұстап отырып, сырқатын емделу жолдарын айтып беретін нағыз емші болған. Талай адамның тамағына (мойнына) шыққан бездерді сылып алып тастаған.
Шәкіртінің бірі – Санира апай.
Құнанбай, Талас – бақсылар. Асатаяқ ұстап, сары ала қамшы үйіріп, пері, періштелерді шақырып зікір салған, ауруларды сауықтырған. Мұндай бақсыларды «қарабақсы» деп атайды.
Қайса – (1878-1976) – көріпкел, болжай білетін адам, әртүрлі нәрсені білдіріп, сездіріп тұратын қасиеттері бойына қонған әулиелі бақсы.
Қайса бақсы
Қайса Нұрғазыұлы (1888—1976 ж.ж.) қазіргі Павлодар облысы Май ауданының тумасы, руы Найман, оның ішінде Жәуетей, Пір-иелері. Мұғызар (қыз) мен Уайқан (ұл).
Арғы атасы Елқонды аруақты, ірі бақсы болса керек.
Қайсаға бақсылық 49 мүшел жасында қонған екен. Қысты күнгі сары аязда жалаңаяқ далаға шығып кететін болыпты. Жұрт оны жынданды деп ойлап дәрігер, бақсыға апарса да оң-алмапты. Бір күні бабалары түсіне кіріп аян берген соң, Байкөшен деген жердегі бабасының зиратына барып түнеп, түс көріп, түсінде бабасының батасын алыпты. Осыдан кейін көтеріп кететін жындары басылып, зікір салатын, ойын көрсететін «қара бақсылықтан» гөрі сәуегейлік, емшілікке бой ұрып, қайтыс болғанға дейін жаратылыстың өзіне берген қасиеттерін халықтың игілігіне жұмсай білді.
Айта кететін жағдай Қайсаның қасиеттерінің ерекше көрініп, аты елге танылуы оның Қойлыбай деген жерге көшіп баруынан басталса керек. Бақсылардың пірі, әйгілі Қойлыбай бақсымен аттас жерге қоныстануында да бір сыр бар сияқты. Бәлкім, ырым қылған болар…
Қайсекеңе арнайы келетін адамдар негізінен әртүрлі ауруға шалдығып, дертке-шипа, жанға-дауа іздеушілер болатұғын. Атап айтқанда:
— көтерме, елірме сияқты ақыл-есінен алжасып, психикалық ауруларға шалдыққандар. Мұндай ауруларды дәрігерлер емдей алмай, көбінесе жындыханаға жіберетіні белгілі;
— қол-аяғының жаны кетіп, бет-аузы қисайғандар, шемен, күйдіргі сияқты сирек кездесетін аурулар;
— көңіл-күйі бұзылып ішқұса, уайым-қайғы т. с. с. рухани дертке шалдыққандар;
— мал-мүлкінен айрылған, жоқ іздеушілер;
— әртүрлі мұқтажы (балаға, медетке, батаға т. б.) бар адамдар, болашағын болжағысы келетіндер, т.б.
Осындай мұқтажы бар адам келе жатса, Қайсекең алдын-ала сезіп-біліп мазасызданып, бір орнында отыра алмай, қозғала бастайды екен. Қай жақтан келе жатқанын да болжап: «Шайларынды дайындай беріңдер. Қазір келеді» — дейді екен. Немесе: «Көлігі болдырып, өзі шөлдеп келеді. Атқа мініп, сусын алып, пәленше жолдан қарсы ал»— деп баласын жібереді екен.
Қайсекеңнің сәуегейлігі сезімталдығы:
Ақшиман совхозының тұрғыны Егеубаев Шайғаббас ақсақалдың баласы Дайырды жиектегі Жалтыр совхозындағы бір тойда (біреу) ұрып өлтіреді. Сол түні бойы Қайсекең Ақшимандағы өз үйінде ұйықтай алмай: «Апыр-ай, байғыс баланың соры қайнады-ау!» деп қайталай беріпті. Яғни қаралы оқиғаның болып жатқанын дәл осы уақытта 100 шақырымнан аса жерде тұрып сезіп, білген.
— Ақшиманда тұратын Балжамал деген қария ауырып бет-аузы қисайып кетеді. Қайсекең көріп: «Бегімысық әулиенің зиратының жанына түзге отырыпсыңдар. Енді сол зиратқа 3 күн түнеңдер. Үшінші күні зираттан қара мысық шықса, үйге қайтындар»— дейді. Айтқаның істеген соң қария жазылады.
— 4 жігіт жабылып, байлап, әрең әкелген есі ауған елірме ауруларды қамшымен бір тартып: «Шешіп қоя беріңдер» дейді екен. Біреулері бірден мыштай болып мүләйімсіп, Қайсекеңнің алдына келіп тізерлеп отырады екен. Кейбір «шу асаулары» сайын далаға қарай жүгіріп
кеткенімен, шай қайнарым уақытта қайтып келетін көрінеді. Параличпен ауырып бет-аузы қисайған Қаншайым Сембаева Қайсекеңнің емінің арқасында Құлантаза жазылып шыққан.
— Үлкен Ақжарда тұратын Байдәуіров Оралбек деген жігіт 1959 жылы Күйгенқора деген жердегі қарамалға машинамен жем апара жатып Қызылшат пен Қақпақтастың арасында жеңіл арбамен кетіп бара жатқан Қайса бақсыны қуып жетіп, басып озады. Тоқтап, амандасуды ойлағанымен, баратын жеріне тезірек жеткісі келіп, тоқтамай, біраз ұзап кетеді. Бір кезде жап-жақсы жүріп келе жатқан, ақауы жоқ машина өзінен-өзі сөніп қалады. Машинаның сөніп қалған себебін іздеп, таба алмай, дал болып тұрғанда Қайсекен келеді. Оралбек жолға шығып, ақсақалға сәлем беріп, кешірім сұрап, босатуын өтінеді. Қайсекең: «Жарайды, бара ғой»— депті.
Оралбек машинасына отырып, от алғызса, машинада қапы жоқ, дүр ете түсіпті.
Ел ішінде Қайса бақсы туралы, ол кісінің осындай қасиеттері жөнінде әңгімелер көп. Халық Қайса бақсыны ерекше құрметтеп әулие деп атайды. Ол кісінің зираты Ақшиман совхозында
Қоңыр қобызды Қайса бақсы (Дәуір сарыны)
Сары – Арқада күңіренген қобыз үн,
Сарнай берген Қойлыбайда қоңыр үн,
Тағат таппай қиналған шыбын жанға,
Пана болды қобыз үнді қоңыр үй.
Қобыз тартып, жігіт аға өткір көзді,
Анда – санда сараң айтқан ұтқыр сөзді,
Алдындағы төрт кісілік құтырықтың,
Жының басып, құдыреттің барын сезді
Қобыз үні дала төсін жаңғыртыпты,
Ширықтырды пірілері салғырттықты,
Жын, шайтан, марту, сезім –мәңгіртікті,
Бәрін емдеп денедегі канқұрттықты.
Серектас, Қалмаққырылған бұл бір тауда,
Ақшиман, Баянтаумен Қызылтауда,
Аруағы Қойлыбайдың жебегеннен,
Қайсекең мекендепті осы маңда.
Бұл өңірде Қайса бақсы өнер қуған,
Ағылған жан кештілер ойдан қырдан,
Пірімен қобыз үні қосылғанда,
Қинаумен Қайсекенді толғандырған.
Тыныштап, тағат тауып жан шынымен,
Ұрғандай жын шайтанды қамшыменен,
Қайсекең қолдан жасап дәрі-дәрмекті,
Емдепті мүсәпірді тамшыменен.
Топ-топ тобыр, Қойлыбайдың өңірі,
Үміті сырқаттардың болған өмірі,
Қоңыр қобыз сарнатқан Қайсекеңе,
-Ауған- дейді Арқа елінің көңілі.
Бақсы өнері Қайсекеңнің тұлғасындай,
Сыры жұмбақ ұлы Ертістің тұнбасындай,
Шәкірттері Санира мен Рымкеші,
Бақсылықтың, емшіліктің, жалғасындай.
Қайса бақсы атағын алған кезде,
Абыройы асқақтап тұрған кезде,
Сенбепті Қайсекеңнің өнеріне,
Жаланың ау мен торын құрған кезде
Милиция начальнигі Май ауданы,
Есжанов деген бопты майталманы,
Сол кезде Қайсекеңді түрме қамап,
Қылмысын дәлелдеп ол, айта алмады.
Есжанов Қайсекеңді ұрып соқты,
Жалғанды дәлел айтып бар мен жоқты,
Мылтықтың дүміменен екі бірдей,
Сындырып қабырғасын ұрып жықты
Соққы жеп бақсы ата ашығыпты,
Түрмеден он сегіз күнде ол шығыпты,
Киесі атты ма екен Қайсекеңнің,
Есжанов өз көлігіне басылыпты
Емші ата, сәуегейлі бақсы ата,
Өмірге қайта келмес тапшы ата,
Жебесін аруағын тірілерді,
Бақ-байлық, шырағынды жақшы ата.
Құдырет сезім берген аяңынды,
Бердің бе ұрпағыңа таяғыңды,
Ер болып, елің үшін туғаныңда,
Сарнайтын қобызың бар баяу үнді.
Қобыз үн, күңіреніп тұр құлағымда,
Жанып тұр аруағыңның шырағы да,
Өнерің Қайса ата еліңе мұра,
Жеңгенсің қилы өмірдің сынағында.
Ақтан Айман
Балуандар
Сүлеймен (Бекбаудың Сүлеймені) – Кентүбек болысындағы әйгілі түйе балуан, атақты Малайсары батырдың ұрпағы.
Мұқыш пен Мұхамедия Бісмілләұлдары,ақсақалдардың айтуынша Мұқаштың күш-қуаты бойын кернеп, отырғызбайды екен. Екі көзі қызарып белдесетін кісі таба алмай, ауыл-ауылдарды айлап аралап, күресіп қайтатын көрінеді.Мұқаштың жауыры жерге тимей кетіпті.
Мұхамедия балуан дене бітімі шөккен түйедей, бет әлпеті көз сүріндіретіндей торсық шеке, жал тұмсық, көзі үлкен, қияпатты адам еді.