Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық кітапхананың «Тәуелсіздік тірегі — Мәңгілік ел» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және 19 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері экскурсияға келді. Іс-шара барысында кітап көрмеге шолу жасалды. Егеменді еліміздің тарихын насихаттау мақсатында «30 жыл», «Ақорда» кітап инсталляциясы жасақталып, қызықты ақпарат алды.