Қазақ халқының рухани дамуына елеулі үлесін қосқан тұлға педагогика, журналистика, тарих, әдебиет, тіл салалары бойынша қомақты мұра қалдырды.
Қошке Кемеңгерұлы — 1896 жылы Ақмола облысы, омбы уезі, Теке болысы, Қаржас ауылында дүниеге келген. Кошке алғаш Белгібай молдадан дәріс алып, мұсылманша сауатын ашқан. Одан кейін Омбыда ветеринарлық-фельдшерлік мектепте оқиды. 1913 жылы Омбы ауылшаруашылығы училищесіне түседі.
Омбыда жүріп, қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы «Бірлікке» мүше (1914-1918) болды. 1916-1918 жылдары «Балапан» қолжазба журналының редакторы, ал 1918 жылы «Жас азамат» газетінің редакторы сынды әртүрлі қызмет атқарады. 1930 жылы ОАМУ-дің аспирантурасында оқып жүрген жерінен М. Әуезовпен бірге тұтқындалып, Алматы абақтысында екі жыл отырады.
Қ.Кемеңгерұлы 1935 жылы Омбының Шарбақкөл аудандық ауруханасында дәрігер болып қызмет етеді. Алайда 1937 жылы 7 тамызда қайта ұсталып, 21 қарашада Омбы қаласында ату жазасына кесіледі.