Балаларды кітап оқуға шақыру арқылы олардың дүниетанымын кеңейту мақсатында 8 маусымда жазғы мектеп алды және 3 «ә» сынып оқушылары қатысуымен аудандық кітапхана «Білгенге маржан» жоба аясында «Жаз және Кітап» ашық аспан астындағы кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрме үш бөлімінен құрылды. Бірінші бөлімде «Балаларға базарлық» бөлімге балғын бүлдіршіндерге арналған анықтамалықтар мен энциклопедиялар қойылды. Көрмеде әлем халықтарының озық көркем шығармалары насихатталды. «Әлемде талай қызық бар» бөлімінде жеңіл тілде жазылған көркем суреттермен безендірілген әдебиеттер қойылды. «Қазақстан елі сиқырлы саяхат» бөлімінде еліміздің географиялық орналасқан жері, табиғи зоналары, жануарлар әлемі, тарихи ескерткіштері жайлы мағлұматтар беретін кітаптар ұсынылды. Кітап көрмеге шолу жасалып, сергіту ойындары ойнатылды.