Қатысушылар-30 жасқа дейінгі кітапхана мамандары. Байқау кітапхана саласы қызметінің жоғары стандарттарын сақтауға, кәсіби шеберлік көшбасшыларын анықтауға, жас мамандарды ынталандыруға, әлеуметтік маңызы бар кітапханалық-ақпараттық жобаларды ілгерілетуге, кітапханашы мамандығының беделін арттыруға бағытталған.
Аудандық және қалалық кітапханаларда өткізілген іріктеу турларының қорытындысы бойынша Май ауданынан С.Б.Шарманова қатысты.