“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында ауыл жастарымен кездесу  өткізілді. Шара барысында әлеуметтік бейнефильмдер көрсетілді. Жемқорлықтың шығу тарихы туралы әңгімеленді. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары туралы түсіндірілді, жемқорлыққа байланысты мысалдар келтірілді.