МАЙ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ

Киелі адамдар

Базарбаева Сәнира

Май аудандық мәслихаттың 1999 жылғы 30 қазандағы  № 26 өкімімен “Май ауданының Құрметті азаматы” атағы берілді.

Өмірдерегі   (биография): Базарбайқызы Сәнира Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Социал колхозы, Өндіріс ауылында 1926 жылы 5 қаңтар күні дүниеге келген. Өндіріс 7 жылдық мектебінде оқып жүрген кезінде Ұлы Отан соғысы басталып оқуын аяқтай алмаған. Сол кезде-ақ Сәнира апай соғыстың 1941 жылы 22 маусымда басталып, 1945 жылы мамыр айында аяқталатынын айтып, елге таныла бастаған екен. 1943 жылы жалғыз өзі ат арбамен барып,Қайса атамен танысып, алдынан өтеді. Қасиетті атамен танысуын Сәнира апай былай деп еске алады:

«Ассалаумағалейкум, Қайса ата. Сәлем беріп келіп тұр саған бала. Аман болар алдындағы бала-шаға,- деп амандасып едім, алғашқыда қыз бала деп менсінбеді. Бірақ кейіннен 1945 жылы әдейі арнап ауылым жібергенде, көк домбырасын беріп, өзінің қызы ретінде қабылдады».

Қасиетті атаның батасын алған Сәнира апай қазақ жерін мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстарға белгілі ел анасы. Өз бойындағы қасиет арқылы адамдардың дертіне шипа беріп жүрген абзал ана біздің мақтанышымыз.

Осы екі тұлғаның –бірі ұстаз, бірі шәкірт болып қатар аталуының өзі тарих үндестігі секілді. 2008 жылдың 26 шілдесінде Қайса атаның асы берілді. Осы аста сөз алған Сәнира апай Қайса атадан он үш жасында бата алғандығын, он тоғыз жасында қолынан ұзатып, ақ батасын беріп аттандырғанын айтқан-ды.

Ауыл адамдары барған жерлерінде апаның есімін ерекше құрметпен айтып жүреді. Сәнира апай ауылда, мектепте өтетін мерекелік шаралардан ешқашан қалмайтын. Жастарымызды отансүйгіштікке, инабаттылыққа тәрбиеледі. Үнемі ауылдастарының ортасында, ағайын туыспен бірге мағыналы ғұмыр кешті. Бақсылық қасиеті бойына дарыған көріпкел атаның батасын алып, Қайса бақсының шәкірті атанған Базарбайқызы Сәнира апай Май ауылының құрметті анасы, ауданымыздың құрметіне бөленген адам.

Ел анасы Базарбайқызы Сәнира апай 2010 жылы қайтыс болды.

Шүкір молла Ахметұлы (Мағау Тұрғамбаев)

1904 жылы туған. 6 жасынан ауыл молласынан сауатын ашып кейін Мұхамедсадық, хазіреттен 3 жыл, Әубәкір молла Омарұлынан 5 жыл, Салахидин хазіреттен 2 жыл сабақ, тәрбие алған. Руы – сырым.

1927 жылы бір жылдай Ұзынкөл деген жерде балаларды оқытады,

1932 -1937 жылдары ішкі жақта күнкөрістің қамымен өмір сүреді. 1937 жылы молла ретінде « Халық жауы» атанып, 7 жылға сотталады. 1944 жылдан бері Май ауданының тұрғындары әртүрлі діни мұқтаждарын өмірінің аяғына дейін атқарды. С 1944 года жители майского района до конца работают на различные религиозные нужды.

Талас Мамырбайұлы

        1888 жылы туған руы –бәсентейін Көктөбе ауылының тумасы. Эпелепсия, жас босанған әйелдердің күйзелістерін емдеген. 1975 жылы дүниеден өтті Жалтыр ауылында жерленген. Қайса атаның құрдасы, замандасы.

Талас Мамырбайұлы

        1888 жылы туған руы –бәсентейін Көктөбе ауылының тумасы. Эпелепсия, жас босанған әйелдердің күйзелістерін емдеген. 1975 жылы дүниеден өтті Жалтыр ауылында жерленген. Қайса атаның құрдасы, замандасы.

Жылқы емшісі Төлебай

Төлебай Әбділдаұлы 1881 жылы 1965 жылдары өмір сүрген. Ат құмар жылқының көңіл-күйін жақсы білетін, әр-түрлі аурулардан халықтың ежелгі ем-домын қолданып емдей алатын емші. Руы – шегендік  жайлауы- Қызыл таудың баурындағы Сары Шоқы деген жер 1929 жылы Сарышоқдан жиектегі Баскөлге көшіп кліп қоныстанып қалды.

Ауылдастарының айтуы бойынша малдың мынадай аурулардан емдеген: қоскіндік, күс, жөтел, тышқақ, шын жара,таңдайдын өсуі, аяққа қан түсу, жылан.

Қазіргі таңда ауыл кітапханашылары, тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері ауданымыздың қасиетті тұлғалары жайында ақпаратты іздестіріп жинақтауда. Аудандық мұражай мен кітапханаларда  танымдық , тарихи сағаттар өткізілуде, бүктемелер мен ақпараттық  беттер жасалды.

Қайса ата

1878-1976 жылдары  қазіргі Павлодар облысы Май ауданының тумасы, руы Найман, оның ішінде Жәуетей, Пір-иелері. Мұғызар (қыз) мен Уайқан (ұл). Арғы атасы Елқонды аруақты, ірі бақсы болған. Қайсекеңе арнайы келетін адамдар негізінен әртүрлі ауруғашалдығып, дертке-шипа, жанға-дауа іздеушілер болатұғын.

Атап айтқанда:  көтерме, елірме сияқты ақыл-есінен алжасып, психикалық ауруларға шалдыққандар. Мұндайа ауруларды дәрігерлер емдей алмай, көбінесе жындыханаға    жіберетіні белгілі; 
●қол-аяғының жаны кетіп, бет-аузы қисайғандар, шемен, күйдіргі сияқты сирек кездесетін         аурулар; 
●көңіл-күйі бұзылып ішқұса, уайым-қайғы т. С.с. рухани дертке шалдыққандар; 
●мал-мүлкінен    айрылған, жоқ   іздеушілер; 
● әр түрлі мұқтажы (балаға, медетке, батаға т. Б.) бар адамдар, болашағын болжағысы         келетіндер,т.б. 
Осындай мұқтажы бар адам келе жатса, Қайсекең алдын-ала сезіп-біліп мазасызданып, бір орнында отыра алмай, қозғала бастайды екен. Қайжақтан келе жатқанын да болжап: «Шайларынды дайындай беріңдер. Қазіркеледі» — дейді екен. Немесе: «Көлігі болдырып, өзі шөлдеп келеді. Атқамініп, сусыналып, пәленше жолдан қарсы ал»— деп баласын жібереді екен. Май ауданы Ақшиман ауылында 2002 жылы «Қайса ата мешіті» бой көтерді.

Бәкі Басарұлы

Бәкі Басарұлы (1807, Павлодар облысы Май ауданы Кеңтүбек ауылы — 1861) — би, шешен. Әкесі – Басар би, атасы – Тілеке батыр.Бәкі би ауыл молдасынан хат танып, 1819 жылы Омбыдағы бұратаналар мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, ел билеу жұмысына араласады. Бәсентиін руының төбе биі Қазанғап Сатыбалдыұлы өне бойы өзінің алғыр әрі шешен інісі Бәкіні жастай жанына ертіп жүреді. Бәкі би қазақша әрі орысша жүйрік, жан-жақты білімі бар, зиялы адам болған. 1824 — 26 жылдары айдабол руының төбе биі Шоң Едігеұлы, бәсентиіннен Қазанғап пен Бәкі би, қаржастың төбе биі Шорман Күшікұлы, қуандық және қанжығалы руларының жетекші билері бас қосып, Қарқаралы округінен дербес дуан ашып, дуан орталығын Баянауылдан салу, аға сұлтанды ақсүйек емес, қарадан сайлау жөнінде ортақ пікірге келеді. Бәкі би әрдайым адамгершілікті, береке-бірлікті, татулықты жоғары ұстаған. Бәкі Басарұлы қазақтың арасында белді, беделді тұлға, би болған. Ертіс бойына қоныс тепкен қазақтың мүддесін қорғап отырған.

Әбділдә (Ақбалық Хазірет)

(1833 – 1918)

 Бытының алты баласының ең кенжесі Әбділдә (кейінгі аты – Ақбалық хазірет) дүниеге шамамен 1833 жылдары келсе керек. Әбділдәнің жасы 20-ға толған кезде елде үлкен жұт болып, ол туған жерімен қоштасып, кетуге мәжбүр болады. Жаз бойы бір сартқа жалдамалы жұмыс істеп, Тәшкентке мал айдайды. Сөйтіп, жүріп Тәшкенттің медресесіне оқуға түсіп, онда 3 жыл оқиды. Үйрене келе қойды Бұхарға айдайтын болады. Бұхардың медресесіне де оқуға түсіп, 12 фәнді тәмамдап, барлығы 21 жыл оқудың нәтижесінде 44 жасында хазірет атағына ие болады. Ел адамдарының айтуынша хазіреттің алтын мөрі (алтын медаль сияқты) болған екен. Бұхарда 2-3 жыл қызмет атқарғаннан кейін ол сұранып елге оралады. Бестаудың жанынан (Сарытауда) мешіт-медресе салдырып, сол өңірдегі ауылдардың балаларын оқытады, елге ислам дінін, имандылықты уағыздайды. Ол кісі сырым ішінде Тоқсан, оның ішінде Қысырау. 1905 жылы ақ патшаға қарсы мұсылманның туын көтеріп, мұсылмандарды біріктіру туралы уағыз айтқан.