21 қыркүйекте аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Кітапхана- ақпараттық кеңістік жұмысын тиімді ұйымдастыру: жаңаша қөзқарас. Семинар –тренинг өтті. Семинарға барлық ауылдық кітапханашылар қатысты. ОКЖ басшысы, аудандық мәслихат депутаты Қ. Түсіпбекова әріптестер арасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтық 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі» жолдауын насихаттады. ​​​​Аудандық кітапхананың кітапханашылары Т. Шоманова, библиогроф – А. Хамзина SNN бағыты бойынша тренинг жүргізді: «Бейне роликтерді өңдеу» шеберлік сағатын да «кinemaster» программасы арқылы бейне фильм жасауды, «Picsart» программасы бойынша логотипті қоюды көрсетті. Май, Майтүбек, Баскөл ауылдық кітапхананың кітапханашылары пандемия кезінде онлайн шараларды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.