Кітап — бөлек бір әлем. Сол әлемге топ етіп, ондағы әлемге саяхат жасаған адамның ақылы мен санасы қатар өсері анық. Кітап оқу — бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс.
Кітап оқу ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады.
Май орталықтандырылған кітапхана жүйесіне аудандық бюджеттен кітап қорын толықтыруға 1855,0 мың теңге қаражат бөлініп оған 855 дана кітап сатып алынды, оның ішінде мемелекеттік тілде 613 дана. Жаңадан түскен әдебиеттердің санында көркем әдебиет, детективті жанрлар, психологиялық, әлемдік фантастика және т.б кітаптармен толықты.
«2021 жылды – Балалар мен жасөспірімдер оқу жылы» деп аталған. Осыған орай балалар мен жасөспірімдерге деген 488 дана кітап алынды, оның ішінде мемлекеттік тілде 434 дана кітап. Балаларды қызықтыратын ашылмалы 3D кітаптарының әрбір беттеріндегі белгілі бейнелер балалардың жануарлар туралы ойын әдемі суреттейді. 4D кітабы күрделі де қызықты, шынайлықпен толықтырылған технологияның көмегімен зерттеуге арналған «Анатомия», «Жануарлар және құстар» туралы кітаптар. Фантастикалық комикс «ҚазақMan Batyr» 4 бөлімнен тұратын кітаппен толықты.
Бос уақытымызды тиімді пайдаланып кітап оқуға шақырамыз!