Май аудандық «NurOtan» партиясының филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты рәсім басында партия төрағасы Ағыбай Әмірин Елбасы Н.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын атап өтіп, партия алғыс хаттарымен Май ОКЖ әдебиетті толықтыру және жинақтау бөлімінің кітапханашысы Саяжан Болатовна Шарманова, аудандық кітапхананың кітапханашысы Толқын Әбдуллақызы Шоманова марапатталды.