Біздің мекен-жайымыз: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 40
Май ауданының " Орталықтандырылған кітапхана жүйесі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұхтаров Серік Бимырзаұлы 1949 жылы 9 қаңтарда Ақтоғай ауданы Аққөл ауылында туған. Ақын – журналист. Қазақтың Мемлекеттік Әл-Фараби атындағы университетінің журналистика факультетін бітірген. Шахматтан Май ауданы тарихында алғашқы спорт шеберлігіне кандидат. «Шамшырақ» аудандық газете қызмет атқарады. Шығармалары «Ұлттық топырақ- тамырдан шыққан азамат» , «Тарқамасын базарың» т.б.
Бақыт Әбілкасова 1947 жылы 1 қаңтарда Май ауданы, Майтүбек Кеңесіне қарасты «Қайнама» деген жерде туған. 1966 жылы Саты мектебін тамамдаған. Сол жылдын қырқүйек айында аудандық Мәдениет бөліміне автоклуб меңгерушісі болып қызметке орналасты. 1968 жылдаң бастап Қазан кеңшарындағы Мәдениет үйінде көркем өнер жетекшісі, 1977 жылдан Май селосынаң Мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарды. Кейіннен Павлодар педагогикалық училишесіне түсіп оны аяқтаған сон, осы ауылдағы Қаратерек әкімшілігіне қарасты «Қарлығаш» балабақшасында тәрбиеші болды. 1997 жылы 1 қаңтардан бастап еңбек демалысына шықты . Қазырғы уақытта зейнеткер. 1977 жылдан бері аудандық «Шамшырақ», облыстық «Сарыарқа самалы» газеттердің тілшісі, жанашыры, оқырманы ретінде үзбей жазып келеді.
Сапаров Ғабит Көпжасарұлы 1959 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданда туған. Павлодар облысы Май ауданында өскен, Белогорье орта мектебін бітіріп, Семей пединституты филология факультетін аяқтаған. Май ауданы Жалтыр орта мектебінде, аудандық «Шамшырақ» газетінде, аудандық Мәдениет бөлімінде істеген. 1993 жылдан бастап Май ауданы Баскөл ауылындағы орта мектепте ұстаз қызметін атқаруда. Ғ.Сапаров – жұртшылыққа талантымен танылған ақын, облыстық, облысаралық айтыстардың жүлдегері, Павлодар облысы қаламгері , 1 байқауының Жаяу Мұса атындағы сыйлығының иегері. Өлендері аудандық, облыстық, республикалық газаттер мен «Жұлдыз», «Абай» журналдарында жарияланған. Ғ. Сапаровтың кеңестік кезеңде жазған «Ақ қан» атты поэмасы қазақ поэзиясындағы Семей ядролық сынақ полигонының зардабын әйгіліген алғашқы әдеби шығармалардың бірі болып табылады.
Шағармалары: « Жұлдыздар маған қараңдар», « Ең бақытты күн» т.б.
Ауан Ризолла Бұланбайұлы 10 тамызда 1938 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы № 15 ауылда «Бестау» колхозында (Талды ауылдың кеңесі) дүниеге келді
Әкесі Ауанов Бұланбай колхозшы болыпты. Ол Ұлы Отан соғысынан оралмай, 1943 жылы қайтыс болған көрінеді. Екінші әкей Сопылов Обаз 1963 жылы қайтыс болды.
Анасы Сопылова Күлзайра колхозда сауыншы болып істеді. 103 жасқа келіп, немере, шөберелеріне шейін қызығын қызықтап, 2003 жылы дүниеден өтті. Бастауыш мектепті «Бестау» колхозында бітіріп, 5,6,7- сыныптарды қазіргі «Абай» ауылындағы мектепте оқыды, 1957 жылы Малайсары орта мектебін тамамдаған. 1957 жылдан 1963 жылға дейін Чапаев совхозында малшы болды. 1964 жылдан бастап 12 жылдай автокөлік жүргізушісі, тракторда механизатор және комбайнер болып жұмыс атқарды. 1983 жылдың аяғынан бастап 1994 жылға дейін Чапаев совхозында 11 жыл ұсталықпен де айналысты. Бүгінде кұрметті демалысқа шыққан зейнеткер, еңбек ардагері. Бес ұлы, үш қызын қызын тәрбиелеп өсіріп, қазіргі кезде 17 немере, 5 жиен сүйіп отырған ардақты ата.
Шығармашылық жолы:
Алғашқы өлеңдері «Қызыл ту» (қазырғы «Сарыарқа самалы) газетінде 1962 жылдан бері жарияланып келеді. Ақын Ауан Ризолла Бұлынбайұлының көптеген өлеңдерінің кейіпкерлері қарапайым ауыл адамдары және өзімен қатарлас еңбек етіп жүрген ел түлектерін өз жырларына арқау етті. Ауан Ризолла ағаның лирикалық туындылары мен мақалалары мерзімді баспасөз беттерінде , атап айтсақ «Ақ жол» атты Ақсу аудандық газетінде, «Женіс» Баянауылдық газетінде, «Шамшырақ» аудандық газеті, сондай-ақ облыстық (Қызыл ту) қазіргі «Сарыарқа самалы» газетінде жарияланып тұрғаны оқырмандарға мәлім. Ақынның біраз өлендері 1978 жылы (жинақтап қүрастырған және алғыс сөзін жазған атақты ақын Сағи Жиенбаев) Алматының «Жалын» баспасынан шыққан «Балауса» атты өлеңдер жинағында жарық көрді . Поэзия жинағы «Ел тірегі – Ел түлегі».