Осы мәдени шараға орай Май аудандық кітапхана қызметкерлері «Шаңырақ» орталығында «Менің туған өлкем» атты жылжымалы кітап көрме ұйымдастырылып, шолу өткізілді. Сонымен қатар Май ауданының тарихи өлкетану мұражайының экспонаттары, қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары қойылып және Байғабыл Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебі оқушыларының суреттері көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені қала тұрғындары, еңбек ардагерлері тамашалады.
Май ауданының көркемөнерпаздары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Әнім сенсің — туған жер» атты концерттік бағдарламаны Павлодар қаласының тұрғындарымен қонақтарына ұсынып, өнер көрсетті.
от admin | Янв 13, 2022 | Новости | Нет комментариев