Проекты 2021 года
Жобаның атауы | Мерзімі | Жауаптылар |
«Туған жер алтын бесігім» | 2017- 2023жж | ОКЖ |
«Дәстүр мен ғұрып» | 2021-2023жж | ОКЖ |
«Тәуелсіздіктің тартуы» | 01.01.2021 ж- 30.12.2021ж | Аудандық кітапхана |
«Тарихы терең- туған өлкем» | 01.01.2021 ж- 30.12.2022ж | Баскөл а/к |
«Край родной, люби и знай» | 2021ж — 30.12.2021ж | Майтүбек а/к |
«Ажарлы мекен ауылым» | 01.01.2021 ж- 30.12.2022ж | Кентүбек а/к |
«Мейрімділік жолымен» | 01.01.2021 ж- 30.12.2022ж | Аудандық кітапхана |
Ұлы Отан соғысының жеңісінің 75 жылдығына арналған
«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» жобасы
Жоба туралы
1941 жылдың 22 маусымында сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталып, миллиондаған азамат қолына қару алып, қан майданға аттанды, елі, жері, болашақ ұрпақ үшін жан тапсырды.
Олар бізге жеңіс сыйлады. Бүгінгі бейбіт аспан астында өмір сүруге, адал еңбек етіп, отбасы құруға, өз балаларымызды тәрбиелеуге, келешегі зор мемлекет құруға мүмкіндік берді. 200 мың қазақстандық қан майданнан оралмады.
Аталарымыздың жан алысқан ерлігінің арқасында осы қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманға қол жеткіздік. Қайғы мен қасіретке толы және мәңгі жадымызда болатын күні
Жоба мақсаты:
2020 жылы 9 мамырда бүкіл әлем атап өтетін Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады. Бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа аталар ерлігін көрсету, осы адамдардың арқасында бейбітшіліктің келгенін түсіндіру – біздің парызымыз.
Жобаны жылжыту:
Бір жыл бойы біз ел қорғаған ерлер туралы насихатталады. Аудан кітапханаларында жоба бес бағыт бойынша жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже:Кітап оқуды насихаттау және жандандыру; өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеру.
№ |
Іс-шаралардың атауы, түрлері |
Өткізу мерзімі |
Қатысушылар |
Жауапты |
Қаржымен қамтамасыз етілу |
1. |
«Ерлікке тағзым етеміз» ерлік сабақтары, тыл еңбеккерлері мен соғыс жылдардағы балалармен кездесу
|
Қаңтар-маусым |
Ауыл тұрғындары, жастар, балалар |
ОКЖ кітапханашылары |
Қаржы талап етпейді |
2 |
«Біздің отбасымыздың мақтанышы» — соғысқа қатысқан туыстары жайлы альбом |
— |
оқырмандар |
ОКЖ кітапханашылары |
Қаржы талап етпейді |
3 |
«Песни о войне» — участие в челлендже |
қаңтар |
ОКЖ кітапханашылары |
Т.Шоманова |
Қаржы талап етпейді |
4 |
«Отты жырлар» — майдангер ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы |
сәуір |
жастар |
А.Нажмиденова Т.Шоманова |
15000 (он бес мың) теңге |
5 |
«Соғыстың соңғы көктемі» — кітап көрме конкурсы |
мамыр |
Мектеп және ауыл кітапханашылары |
А.Нажмиденова Т.Шоманова |
15000 (он бес мың) теңге |
«Қазақ даласының данасы Абай»
Ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың терең ойлары мен асыл сөздері – халқымыздың баға жетпес мұрасы. Абай – қазақтың шыңы. Абай ұлы ақын, қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, композитор, аудармашы, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы, саяси қайраткер. Ахмет Байтұрсыновтың сөзінен келтірер болсақ, «Қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Абай ақындық шығармаларында өз халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық, мәдени мәселелерін арқау етеді. Терең ой және адамгершілік пен ізеттілікке толы өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды армандаған Абай халқын оятып, береке-бірлікке, ынтымақтыққа шақырды. Туған халқы да перзентін сүйіп, үлкен ықыласқа бөледі. Мағыналы да мәнді өлеңдерін жатқа айтып, көздің қарашығындай сақтайды. Қара сөздерінің философиясы тіпті тереңде жатыр.
Ақынның 175-жылдығына жастарға халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыруға бағытталған.
Жоба мақсаты: АбайҚұнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу, Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыруға бағытталған.
Жоба міндеттері:
* Абай мұрасындағы рухани- имандылық тәрбиесінің негізгі мазмұны мен қағидаттарын анықтау;
* Жас ұрпаққа Абай мұрасындағы рухани- имандылық тәлім- тәрбие беру жолдары мен мүмкіндіктерін анықтау.
* Оқушыларды Абай шығармашылығымен таныстыру.
* Абай әлеміне бойлау, оқу, талдау.
Күтілетін нәтежелер:
- жастарды кітап оқуға, кітапханаға тарту;
- Май ауданының жастар саясатын жүзеге асыруда мекемелер мен ұйымдардың өзара әрекетін кеңейту және нығайту;
- жастарды ақпаратпен қамтамасыз етудегі аймақтық желісін құру;
- жастар назарын зиянды дағдылардан салауатты өмір салтына аудару;
- жастарды Отан тарихына, ұлттық мәдениетке деген патриоттық сезімі мен сүйіспеншілігін дамытуға ықпал ету;
- жас ұрпақтың белсенді бөлігін бос уақыт пен қарым – қатынасты ұйымдастыру тұрғыда біріктіру, мәдени – ақпараттық алмасу.
Жобаны жылжыту:
- Жастармен жұмыс жүргізуде ұқсас мақсат, міндеттері бар ұйымдармен іскерлік қатынас жүргізеді. Оның ішінде Май ауданының ішкі саясат бөлімінің «Армандастар» жастар орталығымен.
- Патриоттық сезімді, ұлттық мәдени дәстүрлерді, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс- шараларға қатыстыру.
- Ақпараттық жұмыстың барлық түрлерін жандандыру: ақпарат сағаттары, ақпарат күндері, жеке және топтық ақпараттандыру.
- Әлеуметтік желілір арқылы.
Аудитория:
— Ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11сынып оқушылары
— Б. Жылқыбаев атындағы өнер мектебі;
— Ауданның оқушылар үйінің жастары;
— Колледж студенттері;
— Аудан жастар.
— Белсенді оқырмандар.
Жоба серіктестігі (жобаны іске асыруға қатысушы ұйымдар):
- Май ауданының әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Армандастар» жастар орталығы, жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары, белседі оқырмандар.
Жобаны орындаушылар: ОКЖ әдістемелік бөлімі, ОКЖ кітапханалары.
Көпшілік іс- шаралар мазмұны
№ |
Іс- шаралардың атауы |
Өткізу мерзімі |
Қатысушылар |
Жауапты |
Қаржымен қамтамасыз ету |
Ескерту |
1. |
Бағдарламаны іске асыру |
Жыл бойы |
Жоғарғы сынып оқушылары, студенттер, жастар орталығы, белсенді оқырмандар |
ОК |
Қаржы талап етпейді |
|
2. |
«Абайды оқы- таңырқа!» әдеби кеш |
Ақпан |
Жоғарғы сынып оқушылары |
Кентүбек а/к |
Қаржы талап етпейді |
|
3. |
Абай мұрасы- халық қазынасы- дауыстап оқу |
Наурыз |
Жоғарғы сынып оқушылары |
Баскөл а/к |
Қаржы талап етпейді |
|
4. |
Абай – дана, Абай – дара қазақта мәнерлеп оқу |
Сәуір |
Жоғарғы сынып оқушылары |
Малайсары а/к |
Қаржы талап етпейді |
|
5. |
Абайдың сөзі- қазақтың бой тұмары- әдеби кеш |
Сәуір |
Оқушылар, ауыл жастары |
Акшиман а/к |
Қаржы талап етпейді |
|
6 |
Абайды оқы таңырқа»- библиокеруен |
Сәуір |
Ауыл тұрғындары |
Аудандық кітапхана |
Қаржы талап етпейді |
|
7. |
Абайдың ұлағатты сөдері – танымдық сағат |
Мамыр |
Жоғарғы сынып оқушылары |
Жұмыскер а/к |
Қаржы талап етпейді |
|
|
Абай – ұлы ақын – тәрбие сағаты |
Мамыр |
Ауыл жастары, оқушылар |
Саты а/к |
Қаржы талап етпейді |
|
8. |
Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны… – тарихи сағат |
Маусым |
«Армандастар» жастар орталығы |
Аудандық кітапхана |
Қаржы талап етпейді |
|
9. |
Абайдың асыл мұралары – ауызша журнал |
Маусым |
Мектеп оқушылары |
Майтүбек а/к |
Қаржы талап етпейді |
|
10. |
Абай ұлағаты мәңгілік – тарихи –танымдық сағат |
Шілде |
Клуб мүшелері арасында |
Қаратерек а/к |
Қаржы талап етпейді |
|
11. |
Ұлылардың ұлысы- Абай- әдеби музыкалық кеш |
Тамыз |
Ауыл жастары , оқырмандар |
Ақжар а/к |
Қаржы талап етпейді |
|
12 |
Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы – мәнерлеп оқу |
Тамыз |
Мектеп оқушылары, оқырмандар |
Май а/к |
Қаржы талап етпейді |
|