Осы айтулы күнге орай аудандық кітапхана «Рәмізім-мақтанышым» атты иллюстративті — кітап көрме ұсынды. Көрмеден тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі рәміздер туралы, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, ондағы бейнелердің мәні мен маңызы туралы мәліметтерді көре аласыздар. Шараға Көктөбе жалпы білім беру мектебінің мектеп алды лагерінің оқушылары қатысты. Көрмеге әдеби шолу жасалып, викториналық ойын өткізілді. Ойын барысында мемлекеттік нышандардың авторлары туралы сұрақтар қойылып. Шара соңында қатысушылар мемлекеттік әнұранды орындады.