Семей ядролық-сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай облыстық «Ертіс» телеканалының ұйымдастыруымен «Невада — Семей» қозғалысының арданерлерімен тікеоей эфирде кезлесу өтті. Осыған орай аудандық кітапхана «Тауқымет жаңғырығы» экспозициялық кітап көрме ұйымдастырды.
Көрмеге Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі», «Эпицентр мира»,
М. Сәрсекенің «Семей қасіреті» және жергілікті авторлардың кітаптары қойылды. Сонымен қатар «Невада-Семей қозғалысының» Май өңіріндегі тарихынан сыр шертетін мұрағаттан алынған деректер, аудандық өлкетану мұржайынан фото суреттер, мерзіді баспалардан жинақталған деректер көрмеге қойылды. «Невада-Семей» қозғалысының Май ауданындағы төрағасы болған А. Абылқасов туралы мағұлматтар берілді. Тікелей эфирдегі бағдарламаға 30 жыл бұрын қозғалысқа қатысқан куәгерлер, бейбтшілік қозғалыс белсеңділері, аудан тұрғындары қатысты.