Қазiргi кезде сыбайлас жемқорлық әлемнiң кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтiк құбылыс ретінде өмiрiн жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму үдерiсiн, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесiн тежейдi. Демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсерiн тигiзедi, елдiң болашақ дамуына елеулi қауiп төндiредi. Қазақстанның мемлекеттiк саясатының негiзгi басымдықтарының бiрi сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы iс-қимыл бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында Жұмыскер ауылдық кiтапханада i «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» ақпараттық сағаты өткiзiлдi. Iс-шараға әкімшілік мамандары, мәдениет үйінің қызметкерлері және белсенді оқырмандары қатысты. Кітапханашы жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдар бойынша шараларды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете бiлудi түсiндiрiп кеттi.
Iс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тақырыбын қозғайтын бiрқатар сұрақтар қойылды, қатысушылар өз пiкiрлерiн бiлдiрiп, сауалдарына толық жауап алды. Шарада сыбайлас жемқорлықпен күресу үшiн халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсiндiру жұмысының деңгейi мен сапасын арттыру керектiгiнiң маңызы зор екендiгi жайлы айтылды.