Ветераны тыла

Ахметов Әлмырза Әмірәліұлы
18-қазан 1931 жылы туған. Әкесі – Сумбаев Әмірәлі, Анасы – Сумбаева Күлше. Туған жері – Семей облысы Абай ауданы 1942 жылдан бастап тыл еңбеккері 1950-1954 жылы Алматы педучилищесін бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алды. 1954 жылы Малайсары мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, 1958 жылы Аудандық парткомда қызмет жасады.
Искандирова Марксиана Мухтаровна
7 қаңтар 1932 жылы туған. Әкесі – Искандиров Мухтар Искандирович, анасы- Сайдашева Рауза Нигматулловна. Туған жері – Семей облысы Жарма ауданы. 1948-1952 жылдары Абай атындағы педучилищесін бітірген. 1952 жылы лаборант, 1953 -1957 жылдары Алматы ҚыздарПИ-ын орыс тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. 1957 жылы Малайсары мектебінде мұғалім, Жалтыр мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1958 жылы Белогорье мектебінің директоры қызметтерін атқарды.
Өсімханова Рыскен апа
1918 жылы дүниеге келген. Соғыс жылдарында «Большевичка» тігін фабрикасында киім-кешектер тігуге көмектескен. Соғыстан кейін Семей облысы, Жаңа Семей ауданы, Озерка селосында зейнеткерлікке шыққанша ауылшаруашылығында қызмет атқарған. 1959 жылы Семей қаласының жетінші шақырылуында депутат болған. 1979 жылы Көктөбе ауылына көшіп келген.
Қожабеков Бораш қажы
1932 жылы 1-ші қаңтарда Баянауыл ауданының Торайғыр атындағы кеңшарында әкесі атақты шахтер Қожабеков Альтай мен анасы Қаруза апайдың көп балалы отбасында дүниеге келді. 1962-1992 жылдары Май ауданының Чапаев атындағы кеңшардың астық сақтайтын бөлімінің басшысының орынбасары болып, Киров атындағы кеңшарында агроном, Белогор кеңшарының 1-ші бөлімінің басшысы, 29-шы кәсіптік оқу орының мастері, инспекторы болып жұмыс атқарып еңбек жолын өтті. Қазіргі уақытта зейнеткер.
Асқарова Мәрия қажы
1936 жылы туған, еңбек жолын 1957 сауда қызметтерінен бастап зейнетке дейін сол салада ерен еңбек еткен.
Мәрия қажы көп балалы батыр ана, күміс алқасы бар, әулеттің ұйтқысы болып, балаларына іс әрекеттің, ұйымшылдықпен татулықтың жолын сызып, үлгісін көрсетіп отырады.
Мәрия қажы апай мен бірге діни деген құлшылық жасап, халыққа адал еңбек етіп, қамқоршысы болып, жастарға тәлім тәрбие ісіне белсенді араласып жүр. Қазіргі уақытта зейнеткер.
Кульжанова Рахима Құсайынқызы
1932 жылы, шілде айының 26 күні. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауылында дүниеге келген. 8 сынып оқып бітірген. Орыс тілін еркін меңгерген, жақсы сөйлейді. Ұлы Отан соғысында егістікте қара жұмыс істеген. Картоп, сарымсақ жинап майданға жіберген.
Айткенова Қүсни Ембергенқызы
Әкесі Айткенов Емберген Әйткенұлы 1898 жылы дүниеге келген, анасы Айткенова Жаниха 1910 жылы туған. Олар Қашыр ауданында Михайловка колхозында тұрған. Құсни Ембергенқызы Здвинск орталығында орыс орта мектебінде 7 класс бітірді. Әрі қарай Купин қаласында № 80 неміс тілінде оқытылатын орта мектепті тәмамдаған соң Крупская атындағы Семей педагогикалық институтында тарих – филология факультетінде оқыған. Институт бітірген соң Железин ауданы Талапкер орта мектебіне жіберілген. Үш баланың анасы. Жолдасы қайтыс болғасын ағасы Нұрмұхан 1970 жылы Май ауданының Жалтыр совхозына көшіріп әкеледі. 1970-1982 жылдары Жалтыр орта мектебінде дәріс береді.1982 жылдан бастап Белогорье орта мектебіне ауысып, зейнеткерлікке осы мектептен шықты.
Сейілханова Ғалия Сағынбайқызы
Тыл ардагері, Май ауданы, Жалтыр ауылы №1 бөлімшесінде 25 маусым 1935 жылы дүниеге келген.
Мамандығы кітапханашы осы мамандық бойынша 40 жыл жұмыс жасаған, Күміс алқа иегері. 1953 жылы тұрмыс құрған, 6 баланың анасы 4ұл, 2 қыз, 15 немере, 11 шөбересі бар. «Ұлы Отан Соғысы — 70 жылдығы қарсаңында» медальмен марапатталған.
Жолдасы: Сейілханов Қабыкен Сейілханұлы. Тарих пәнінің мұғалімі, осы мамандық бойынша 40 жыл жұмыс жасаған еңбек ардагері.