Біздің мекен-жайымыз: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 40

Май ауданының " Орталықтандырылған кітапхана жүйесі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ТҮСІПБЕКОВА ҚАРЛЫҒАШ ЖЕҢІСҚЫЗЫ

ТҮСІПБЕКОВА ҚАРЛЫҒАШ ЖЕҢІСҚЫЗЫ

Басшы

Мен, Қарлығаш Жеңісқызы Түсіпбекова 1972 жылы Павлодар облысы Май ауданы Абай аулында дүниеге келдім.

Білімім — жоғары. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін кітапханашы- библиограф мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек өтілім 26 жыл. Кәсіби еңбек жолымды ауыл кітаханашысы болып бастадым. Қазіргі кезде Май ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып жұмыс істеймін. 2003 жылдан бастап «НұрОтан» партиясының мүшесі болып келемін. Ауданның қоғамдық-саяси өмірінің белсенді қатысушысы, «НұрОтан» партиясының аудандық филиалының саяси кеңесінің мүшесі болып келемін. Адал еңбегім үшін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен, Қазақстан РеспубликасыҰлттық академиялық кітапхананың алғыс хатымен, «НұрОтан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың алғыс хатымен, «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына — 20 жыл!»мерекелік медалімен марапатталдым.

Тұрмыстамын. Жұбайым Айтмұқанбет Шомитұлы Түсіпбековпен ұлымыз бен қызымызды тәрбиелеудеміз.