Аудандық кітапханада 31 мамырда атап өтілетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлы жұт шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Библиографиялық шолу барысында қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағұлмат берілді. Көрмеге арнайы «AMANAT» партиясының Май аудандық филиалының хатшысы Қарлығаш Жеңісқызы, мәслихат депутаты Рашит Отарбайұлы және Психологиялық — педагогикалық түзету кабинетінің мамандары қатысты
от Сотрудник | Июн 22, 2023 | Новости |