Бүгін облыстық кітапхана базасында Павлодар облысының қалалары мен аудандарының ОКЖ директорлары кеңесі өтті.
?Күн тәртібінде:
?«Рухани қазына» республикалық фестивалі мен облыстық кезеңінің қорытындысы;
?Павлодар облысының кітапханаларында СМАРТ-кітапхана жобасын енгізу мәселелері;
?Облыстың кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар бірқатар кітапханашыларға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Балғабайқызы Бегалинова атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді.
Жиын соңында бірауыздан кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық академиялық кітапхана басшысының м.а., тренер Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалиновтың қатысуымен өтетін шеберлік сабақтарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.