Мемлекеттік пен қоғам үшін мақсатқа ұмтылған және саналы өскелең ұрпақты тәрбиелеу үлкен жауапкершілік. Осы орайда «Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең» жобасын іске асыру мақсатында аудандық кітапханада «Ел ерімен мақтанар» атты кездесу өтті. Шараға жасөспірімдер мен Май ауданыныңТөтенше жағдай бекетінің бастығы азаматтық қорғау майоры А. Бүркітбаев, ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенант Т.Ташенов, ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны С. Досымханов қатысты. Қонақтар өрт сөндіруші мамандығының қыр-сырына үніліп, балалардың қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.