Кешкі кітапханада «JEBE» ҚБ ұйымдастыруымен «Ой талқы» стратегиялық ойыны өтті. Шараға ауданның ұстаздары мен жастары қатысты. Жастармен өткен шараға «JEBE» қоғамдық бірлестігінің мүшелері: ақын, сатирик А.Әбділұлы, кәсіпкер А.Туғанбай, ақын, журналист Ө.Хуанар, көркемсөз шебері О.Бахытхан Павлодар қаласынан арнайы келді. Бұл шара бірлестіктің «Ұлт болашағы — ұрпақ тәрбиесі» кешенді жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Ауыл жастары көптеген мәселелер көтеріп, шешімін табуға тырысты.