«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай кітап көрме ұйымдастырылды.
Қазақ ақыны, философ, аудармашы, композитор, тарихшы, жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлы жас кезінен Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленді. Абай немере інісі Шәкәрімнің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Жазып кеткен мұраларын зерделей келе ақынның орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгергенін және Батыс, Шығыс әдебиетін жақсы білгенін аңғаруға болады. Ақын өлең, дастан, әңгіме, қара сөз, философиялық ой-толғамдары арқылы қазақ өміріндегі оқиғаларға үн қосып отырды.



