Аудандық кітапханада кітапханашылардың сана-сезімін қалыптастыру, олардың кәсіби шеберлігін және креативті ойлау қабілетін шыңдау, ақпараттық мәдениетін дамыту барысында кітапханашылар арасында «Кітапханашы мен оқырман арасындағы қарым – қатынас» — коуч – тренинг өтті. Семинарда кітапхананың әдіскері кітапхана жұмысын ілгерілету мен оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар мен жобаларды дамытуына тоқталды. Сондай- ақ семинар барысында «Өзіңді тексер» трениг ойыны өткізілді. Ойын барысында кім кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталды.
Сонымен қатар « +, — » — топтық ойын жүргізілп соңында сергіту ойыны өткізілді.