Наурыз мерекесі – қасиетті күн. Қыстың соңы, көктемнің басы жыл құстары келе бастайды.Ұлыстың ұлы күні адамдар бір – біріне ренішін ұмытып, өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастархан басында жастар үлкендерден батасын алған. Дастарханның басты асы Наурыз көже болған.
Аудандық кітапхана қызыметкерлер кітапхананың белсенді оқырмандарымен әлеуметтік серіктестеріне дастархан жайып қазақ халқының ұлы мерекесі атап өтті.
Сонымен қатар С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері әдіскерлерік көмек көрсетуге келді.
Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт – дәстүрлері туралы айтып кету дұрыс деп санаймыз. Кітапхананың белсенді оқырманы Дәулетжан Лазер ұлтық зергерлік бұйымдарды көрсетіп, түрлерімен таныстырды. Қазақтың салты бойынша келген қонақтардан «кәде сый» қалап, келген қонақтар өз өнерлерін ортаға салды.
Қазақтың әндері мен күмбірлеген күйін шерткен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Ақын Ерлан Аманқожа Наурыз мерекесіне арналған арнауын орындады. Мерекелік шараға жайылған дастарханнан дәм татылып шарамыз әсерлі көңіл күймен аяқталды.