Тәлім — тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез — құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Бүгін «Кешкі кітапхана» жобасында 15 мамыр «Отбасы» күніне орай «Тәрбие мектебі — отбасы» атты тақырыпта жастар мен тәжірибелі ардагер аналармен кездесу өткізілді.