Бастапқыда Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні 1998 жылы бекітіліп, қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. Бірақ 2013 жылы оны 21 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл күн Президент жарлығына сәйкес меркеленеді. Атаулы күнді Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері атап өтеді.