Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, халқымыздың бейбіт те берекелі өмір сүруі үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда басын бәйгеге тігіп, «тар жол, тайғақ кешуден» өткен тұғырлы қайраткер екенін айтты. «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжі Май бөлімшесінде табиғат аясында кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Студенттерге Толкын Шоманова Май аудандық орталық кітапхана маманы Ахмет Байтұрсынұлы туралы ақпарат берді. Алаш қатарындағы балалар сауатын ашып, елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосуды мақсат тұтқанын, «Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын. Ел – бүгіншіл, Менікі – ертең үшін» деген Ахмет Байтұрсынұлы болашақ ұрпақ үшін қызмет еткенін атап өтті.