Аудандық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың туылғанына 100 жыл толуына орай «Әзілхан Нұршайықов — жазушы мемуарист» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кітап көрмеге шолу жасалып, өмірбаянынан ақпарат берілді. Сонымен қатар шақырылған қонағымыз ауданымыздың айтыскер-ақыны Ерлан Аманқожа «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогының шығу тарихын әңгімеледі. Өткізілген шараға Көктөбе мектебінің оқушылары мен Зура Сапарбекқызы қатысты.