Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді.

      Абай  Құнанбайұлы 1845-1904 жылдары өмір сүрген. Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Ол Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған.

       Аудандық кітапхана қызметкерлері қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абайды оқы, таңырқа!» атты акция ұйымдастырды. Шара барысында аудан орталығының көшелерінде Абай әндерінің тыңдатылып  сауда орындарында ақынның өлеңдері, әндері, нақыл сөздері жазылған бүктемелер мен парақшалар таратылды.  Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері «Жасыл ел» жастарымен  ұлы ақынның  «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.