Танымдық іс-шараға аудан әкімі Ағыбай Әмірин, зиялы қауым өкілдері мен
түрлі салада қызмет етіп жүрген мамандар қатысты. Жиын ерекше форматта өтті. Мұнда қатысушылар спикерлер және сарапшылар тобына бөлініп, өзара ой алмасты.

Қатысушылар Хакім Абайдың “Толық адам” ілімі аясында пікір алмасып, жаңа заман көшінде осы құндылықтарды дамыту, жас ұрпақтың бойына бас ақын айтқан ізгілікті дарыту жолдарына тоқталды.

Жиынды алғысөзімен аудан әкімі Ағыбай Әмірин ашып, толымды да тұшымды ойларын ортаға салып, аталған ілімнің осы күндегі айрықша маңызын атады.

Іс-шарада бөлім басшысы Жайрангүл Рахманбергенова модератор болып, тақырыпты барынша ашу мақсатында спикерлерге арнайы сауалдар қойды.
Мәселен, Е. Мұқашев атындағы орта мектеп ұстазы Жанабек Ғаламат Абайдың «Толық адам» бейнесін сипатта