Салтанатты жиында аудан әкімі Ағыбай Әмірин аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Шара барысында Май ОКЖ басшысы Зілкенов Саниял Оразбайұлы және Майтүбек ауылдық кітапхана кітапханашысы Гаманюк Елена Николаевна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Май ОКЖ әдіскері Бейсекова Айман Өмірбекқызы және Нажмиденова Ақмарал Серікбайқызы Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы С.Бегалинованың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Салтанатты рәсім аудан өнерпаздары мен облыстық И.Байзақов атындағы филармонияның «Шернияз» би ансамблі және әншілерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!