3 сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Осы күнге орай 22 сәуір күні Май орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері аудандық мәдениет үйінде «Кітапхана түні — 2022» акциясын өткізді. Аталмыш шара кітап оқуды насихаттау мен қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары, мекеме басшылары аудан кітапханашылары қатысты.
Кештің сәнін аудандық мәдениет үйінің шығармашылық тобы келтірді. «Сағындырған әндер ай» алаңында ретро әндер орындалды.
«Әдеби подиум» алаңында кеш қонақтары кітап кейіпкерлерімен қауышты.
Сонымен қатар «Сән үлгісі» алаңында қоқыс заттардан жасалған сән үлгісі көрсетілді.
Кеш барысында дәстүрлі емес көрмелер көрермендер назарына ұсынылды.