«AMANAT» партиясының павлодар облыстық филиалының және «қазақстан Халық банкі» АҚ қолдауымен «Балалар жылы» аясында жастардың салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиесін насихаттауға бағытталған көпкүндік облыстық ультрамарафоны Май ауданына келіп жетті.
Ультрамарафонды павлодарлық Е.Белов – веложарыстарды бағындырушы, Шарбақты ауылының тұрғыны Ө.Ошанов және Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы И.Темірғалиева еңсеруде.
Аудандық мұражай мен кітапхана келген марафоншыларды ауданымыздың соғыс ардагерлері туралы ақпаратпен таныстырды.